Таза жүректінің жүзі жарқын

Таза жүректінің жүзі жарқын

КӘСІПТІҢ ИЕСІН ШЫҢДАЙТЫНЫ РАС-АУ. ФАТИМА АПАЙДЫҢ САЛДАРЛЫ МІНЕЗІ, МАҢҒАС ҚАЛПЫ, НЕНІ АЙТСА ДА, НЕНІ ӘҢГІМЕЛЕСЕ ДЕ ОН ОЙЛАНЫП, ЖҮЗ ТОЛҒАНЫП, ТЕРЕҢНЕН ҚОЗҒАР ҚАДІР-ҚАСИЕТІНЕ ҚАРАП ОСЫНДАЙ ОЙ ТҮЙЕСІҢ. Фатима Тілеубаева Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтын үздік тәмамдаған соң Торғай облысы Қима ауданындағы жеті жылдық мектепке жолдамамен жіберіледі. Сонымен қатар Қытайдан да шақырту алған болатын. Онда қазақ балаларына орыс тілі мен әдебиетінен мұғалім қажет екен. Алайда, Фатима апамызға келешектің дәм тұзы Сыр өңірінен бұйырып тұр екен. Ғаназар Мұратәлиев ағамызбен қол ұстасып, 1958 жылы Жаңақорған ауданына табан тіреді. Алғашында №53 А.Д.Романов атындағы орта мектепте,…

Толығырақ

ЕҢБЕКПЕН ӨНГЕН АЗАМАТ

ЕҢБЕКПЕН  ӨНГЕН  АЗАМАТ

Еңбегімен қадірлі, адами қасиетімен сыйлы Тұтқабай Сабырхановты мерейлі мереке қарсаңында арнайы құттықтап қайттық. «Қызыл Ту» орденін бес рет таққан ардагермен алғашқы жүздесуімде ерекше әсер алдым. Ардагердің әрбір сөзі мәнді, мағыналы өрбіді. Осының өзі оның өмірден түйгені мол екенін меңзейтіндей. Ол сарғайған басылымдардағы мәліметтерді сөйлете отырып, өзі қызмет еткен жылдарды еске алды. Балалық шағынан техникаға жаны құштар азамат он жылдық мектепті аяқтамастан шоферлер даярлайтын курсқа түседі. Оны бітіріп, ауылына келіп, ерте еңбекке араласады. Жұмысқа жауаптылығы мен іске ептілігінің арқасында ұжымдастарымен тез тіл табысып кетеді. Петр Ивльев, Әнуар Жақыпов жас кадрға сенім…

Толығырақ

АРДАГЕРІМ – АРДАҒЫМ!

АРДАГЕРІМ – АРДАҒЫМ!

Аудандық ардагерлер кеңесі қоғамның бірлігін сақтауға, ынтымағын арттыруға ұйытқы болып, жоспарлы да жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Әсіресе, Мемлекет басшысы Жолдаулары мен бағдармаларынан туындаған бастамаларды елдің арасында насихаттауда белсенділік танытып, орындалу деңгейі сапалы жүзеге асуына мүдделік танытып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында туындаған бастамаларды насихаттауды жолға қойдық. Бұл ретте, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың 13 мүшесінің жұмысын айтуға болады. Аудандық кеңесте 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні мен Наурыз мерекесін және Халықаралық қарттар күнін ерекше атап өту дәстүрі қалыптасты. Сондай-ақ, атаулы мерекелердің жоғары деңгейде өтуіне үлес…

Толығырақ

Жақаңның дара жолы

Жақаңның дара жолы

Бойында даналық пен дархандықтың асыл қасиеті бар қазыналы қарияның бірі – Яхия Төлепбергенов. Біз ақсақалға арнайы сәлем беріп, шаңырағына бас сұққан едік. Осы күні қап-қара бұйра шашы аппақ қардай жалтырай түсіпті. Өткір жанарынан қайсарлықтың, батылдықтың лебі есетіндей. Маңдайдағы әжімдері қарияның өткен бейнетті күндерінен хабар береді. Бүгінде қадірлі қария кенжесі Мейірбектің мейіріміне, келіні Айнұрдың ізет-құрметіне бөленіп отыр екен. – Менің жастық шағым әуелі ашаршылыққа, жасөспірім шағым сұрапыл соғыс жылдарына тура келді, – деп бастады ел ағасы әңгімесін. Әрбір сөзін терең ойланып, әрі қарай сөзін саптады. – Бір отбасының кенжесі болдым. Алдымда…

Толығырақ

С.Сартаевтың 90 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қарқын алды

С.Сартаевтың 90 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қарқын алды

Заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаевтың 90 жылдық мерейтойын Жаңақорған ауданында кең көлемде тойланбақ. Бүгінде белгілі ғалымның мерейтойы жоғарғы деңгейде өтуі үшін аудан әкімдігі дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ

ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ

2017 жылдың 8 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  10670,8 млн. теңге болып, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім  2,4 есе ұлғайған. Жалпы, негізгі капиталған салынған инвестицияны игеру бойынша Жаңақорған ауданы Қызылорда және Сырдария ауданынан кейін, үштікті түйіндеп тұр.

Толығырақ

Жолда жүру ережелерін түсіндірді

Жолда жүру ережелерін түсіндірді

Ауданымыздағы №3 мектеп интернатында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Жолда жүру ережесін білейік, аман-есен жүрейік!» атты тақырыпта семинар сабақ өткізілді. Семинарды аудандық жастар денсаулығы орталығының қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері Сақтағанов Талғат, мектеп инспекторы Нұрмышев Бақытжан және мектеп мейірбикесі Қожатаева Маржан ұйымдастырды. Семинарда оқушыларға жолда жүру ережелері туралы бейнероликтер көрсетілді.

Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ СЕРПІНДІ

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ СЕРПІНДІ

құрылыс индустриясы – қашаннан да экономиканың негізгі іргетасы екендігі айқын. Сондықтан да, құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының артуына тікелей байланысты. Соңғы жылдары ауданда бұл саладағы жұмыстар жоғары қарқынмен жүргізіліп келеді. Сала қарқынды дамыған аймақта жалпы экономиканың барлық саласындағы тірліктің өркен жайып отырғанын аңғаруға болады. Мәселен, ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі  2017 жылдың 8 айында 5073,0 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда  221,3 ұлғайған. Салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 35360 шаршы метрге жеткен. Яғни,  өткен жылмен салыстырғанда өсім 119,8  пайызға артқан.

Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ

бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударуда. Жергілікті жерлерде кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары күн санап өсуде. Бұл дегеніміз–өңір экономикасының өркендеуіне мол септігін тигізеді деген сөз. Аудан бойынша жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырған жан жетерлік. Басым бөлігі мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алса, бірқатары барын салып бизнесін бастауда. Нақты санына тоқталар болсақ. Аудандық статистика басқармасының дерегені сүйенсек,  2017 жылдың  1 қыркүйегіне   тіркелген  шағын кәсіпкерлік субъктілері саны -3240-қа жеткен.  Бұл дегеніміз, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,6  пайызға артқан деген сөз.

Толығырақ