ЖОМАРТТЫҚ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН ЖАРАЛАДЫ

ЖОМАРТТЫҚ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН ЖАРАЛАДЫ

«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында «Бақытты отбасы бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясы өтті.  Акция аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның аудандық басшысы Руслан Ибадуллаұлы, аудан прокуроры Нұрболат Дүйсебаев аудандағы аз қамтылған 6 отбасы балаларына мектепке керекті құрал жабдық табыстады. Шара соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев акция қыркүйек айына дейін жалғасын табатынын атап өтті.

Толығырақ

ЖАҢАҚОРҒАН САҢЛАҚТАРЫ ПАРИЖ ТӨРІНДЕ

ЖАҢАҚОРҒАН САҢЛАҚТАРЫ ПАРИЖ ТӨРІНДЕ

Иә, жақында Парижде жалауы желбірейтін еркін күрестен Әлем чемпионатында жаңақорғандық Ғалымжан Өсербаев пен Дәулет Ниязбеков ел намысы жолында бозкілемге шығады. Қос жерлесіміз Олимпиада ойындарына қатысып, үздік бестікті түйіндеген болатын. Шыны керек, әлемдік додаларда Қазақстан алтын алқа жолында биікке өрлей алмауда. Енді осы сында қазақстандық саңлақтар жеңістің биігінен көрінер деген үміт бар. Сондықтан, қолдау көрсетейік. Айта кетейік, жуырда Қазақстан, Қырғызстан және Дагестан балуандары Щучинск қаласында дайындық жұмыстары пысықтаған болатын. Енді, қазақ мықтыларынан үлкен үміт күтеміз. Алға балуандар!

Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРМИЯ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРМИЯ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен 2017 жылғы Армиялық халықаралық ойындардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Армиялық халықаралық ойындардың ашылу бағдарламасына сәйкес, қазақстандық барабаншылар мен домбырашылар және қазіргі заманғы жауынгерлік техниканың («Арлан» бронды-дөңгелекті машиналары, «Т-72 Б» танктері) сүйемелдеуімен ҚР ҚМ әскери оркестрі өнер көрсетті. Десантшылар ротасының орындауында көпшілікке қарумен қол жекпе-жегі ұрысының көрсетілімі ұсынылды. Қазақстан әскерінің жауынгерлік ұшақтары мен тіккұшақтары пилотаждық тобының әуе шоуы армиялық ойындардың ашылуының шарықтау шегі болғанын атап өту керек. Армиялық халықаралық ойындар шеңберіндегі «Артиллериялық атыс шебері», «Мергендік шебі» және «Ұшқышсыз ұшу…

Толығырақ

БОКСШЫЛАР БИІГІ АЛДА

БОКСШЫЛАР БИІГІ АЛДА

Ауданда кенже қалған бокс спорты кейінгі кезде қайта қарқын алып келеді. Оны жастардың ел біріншілігі мен байрақты бәскелерде жеткен жетістіктерінен аңғаруға болады. Сол толағай табыстарды ауданның бас жаттықтырушысы Құрбаш Саркулов брифинг барысында саралап берді. – Жаңақорғанда бокс спортына жас өрендердің қызығушылығы қарқынды. Жеткен жетістіктері де жетерлік. Мәселен, ауданнан шыққан тұңғыш Қазақстан чемпионы Азамат Бектастың болашағынан зор үміт күтуге болады. Ол екі дүркін ел чемпионы атанып үлгерді. Ұлттық құрама сапында жүріп халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Грузияда өткен байрақты сында жарыс иесіне жол беріп, күмісті қанағат тұтқан болатын. Алайда,…

Толығырақ

ЕЛ ҮШІН еңбектенген

ЕЛ ҮШІН  еңбектенген

 «Ұлым дейтін елің болмаса – елім дейтін ұл қайдан туады», «Әкеден ұл тусайшы – ата жолын қусайшы», «киіміне қарап қабылдап – қызметіне қарап шығарып сал» деген даналық сөздер Байкенже ауылдық округінің бұрынғы әкімі Жұмаділла Өткелбайға арнап айтылғандай. Бұлай деуіміз негізсіз де емес. Өзінің бүкіл саналы ғұмырын туған ауылының өсіп-өкендеуіне арнаған оның еңбегін ауылдастары шынайы бағалай білді. Оны жақында Жұмаділла Өскенбайұлының 63 жасқа тоуына орай ауылдастарының және клуб ұжымының ұйымдастыруымен ауылдық клуб үйінде өткізген «Еңбектің мініп тұлпарын, зейнетке шықты сұңқарым» атты салтанатты кеш барысында байқадық. Салтанатты жиынға келген ауылдастар жүзі де…

Толығырақ

Долыдан дәу пері қорқыпты

Долыдан дәу пері қорқыпты

Баяғы бір заманда бір мүсәпір орманнан отынға тал кесіп, оны базарға сатып күнелтеді екен. бір күні айдай ашық аспанға шайнектей бұлт шығады да, әлгінің отынға тал кескен орманына құйып өтеді. Су болған талды кім алсын, үйіне құрқол оралады. Күн жауын, су болған талын базарға апара алмағанын айтып көрсе, әйелі сөнбейді. Өйткені, бұлардың ауылына бір тамшы жаңбыр тамбаған еді. Қырсыққанда келесі күні кешегі оқиға тап сол күйінде қайталанып, үйіне тағы да бос келеді. Осы арада онсыз да долырып тұрған әйелі: – Түс алдыма! Су болған отыныңды көрсет! Тапқан екенсің ақымақты. Құдай…

Толығырақ

Кеніш және келелі мәселе

Кеніш және келелі мәселе

  Жаңақорғандық ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері «Шалқия» кенішіне қажетті суды «Алты крант» аймағынан алуға қарсылық танытуда. Олар Су кодексінде көрсетілген «тұрғындар тұтынатын ауызсуды өндірістік мақсатқа алуға болмайды» дегенді алға тартуда. Міне, осы мәселеге байланысты «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Сұлтанбеков журналистерге брифинг берді. – Әрине, әркімнің өзіндік көзқарасы, парасатына қарай пайым-пікірі болады. Дегенмен, айтылған ойдың дәлелді дәйегі болғаны дұрыс, – деп бастады сөзін Басқарма төрағасы. Талғат Есенжолұлының айтуынша, мырыш пен қорғасын қоры мол «Шалқия» кеніші – Қазақстан Үкіметінің стратегиялық маңызы бар нысаны. Яғни, «Индустрияландыру картасына» енген инвестициялық…

Толығырақ

ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ

ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ

 Уақыт өткен сайын сәулеті мен дәулеті артып келе жатқан Жаңақорған құлашын кеңге жаюда. Жаңадан шағын мөлтек аудандардың түзілуі, көшелердің санының артуы, кәсіпкерлік субъектілерінің көбейюі аудан халқының тұрмыс-тіршілігі нығая түскенін аңғартады. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығы аудан тарихында жағымды жаңалықтарымен хатталып, ел есінде жаңғырар тың бастамалармен есте қалды. Себебі, ішкі өнімнің үлесі артып, кіріс көбейді. Кәсіпкерлік саласына жан бітіп, құрылыс қарқыны үдеді. Өнеркәсіп өрге басып, инвестиция игілігін бере бастады. Облыс көлемінде өнеркәсіп өнімдерін өндіруде Жаңақорғанмен бәсекелесетін аудан жоқ. Ауданда атом өнеркәсібінен бөлек полиметалл өндірісі қарқын ала бастады. Тас өндірісі де қалыпты…

Толығырақ