ҚАРАҒАНДЫДА КӨЛІК ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА КӨЛІК ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Елде 5 миллионнан астам автокөлік болса, соның үштен бірі істен шыққан. Әбден ескіріп, тозығы жеткен көліктер енді қайта өңдеуден өтіп, кәдеге жарамақшы. Бүгін Қарағандыда ескі көліктерді өңдейтін зауыт жұмысын бастады, деп хабарлайды Baq.kz-тің аймақтағы тілшісі.  Қазіргі уақытта еліміздің әрбір тұрғыны іске жарамсыз болған темір тұлпарын ескі көліктерді қабылдайтын арнайы орындарға тапсырып, ақысын ала алады екен. Еске салайық, өткен жылы ескі көліктерді өңдеу бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданып, осының аясында тозған көліктер мен олардың қосалқы бөлшектерін жинақтау іске асырылып келе жатқан болатын. Бүгінде елімізде көлік қалдықтарын жинайтын 17 пункт ашылған. Жинақталған осы…

Толығырақ

АСТАНАНЫҢ ЖЕҢІЛІССІЗ СЕРИЯСЫ

АСТАНАНЫҢ ЖЕҢІЛІССІЗ СЕРИЯСЫ

Иә, Чемпиондар лигасының іріктеу және топтық кезеңдерінде өнер көрсетіп жүрген Астана командасы өз алаңында әлі де жеңілген емес. Бүгін олар польшалық Легияны 3:1 есебімен ұтып, алаңда кім қожайын екенін көрсетті. Енді қарымта ойын біздің жігіттерге оңай соқпайтыны анық. Дегенмен, жасыл алаңда бәрі де мүмкін.

Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АУДАННЫҢ БЮДЖЕТІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АУДАННЫҢ БЮДЖЕТІН ТАЛҚЫЛАДЫ

   «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы», «Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы» және «Әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы» қаулы, шешімдерінің жобалары талқыланып, кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімі басшысының «ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар…

Толығырақ

25 ПАЙЫЗ ҮСТЕМЕ ЖАЛАҚЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

25 ПАЙЫЗ ҮСТЕМЕ ЖАЛАҚЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

  2019 жылдан бастап ағылшын тілінде өтетін пәндердің мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді. Бұл туралы Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілі курстарын бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап 8 мың мұғалім курстарын бастайды. Оның әртүрлісі бар, 3, 6, 9 ай болып бөлінеді. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтетін болса, онда оның жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша…

Толығырақ

2019 ЖЫЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ СОЧИДЕ ӨТЕДІ

2019 ЖЫЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ СОЧИДЕ ӨТЕДІ

Бокстан 2019 жылғы әлем біріншілігі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Егемен Қазақстан тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Дүйсенбі күні Мәскеу қаласында AIBA Атқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті. Онда 2019 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ресейдің Сочи қаласында өтетін болып бекітілді. Дода «Айсберг» спорт кешенінде өтеді. Турнирді өткізуге Түркия, Украина, Тайланд және Үндістан елдері үміткер болған. Отырыста АИБА президенті Чинг-Куо Ву: «2019 жылы Ресейде өтетін бокстан әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Ресей бокс федерациясының басшылығы доданы ұйымдастыруға бар күш-жігерін салады. Әлем біріншілігін жоғары деңгейде өткізетініне күмәнім жоқ», деп атап…

Толығырақ

200 000-ШЫ ҚОНАҒЫН ҚАРСЫ АЛҒАН ИСПАНИЯ ПАВИЛЬОНЫ  

200 000-ШЫ ҚОНАҒЫН ҚАРСЫ АЛҒАН  ИСПАНИЯ ПАВИЛЬОНЫ   

  Испания Корольдігі павильоны 200 000 қонағын қарсы алды Кеше EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі бел ортасынан асты, – деп жазды Егемен Қазақстан тілшісі.  Кеше EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі бел ортасынан асты. Дәл осы күні Испания корольдігі павильонында екі жүз мыңыншы қонағын қарсы алды. Ол шырайлы Шымкент қаласынан келген 53 жасар зейнеткер — Майра Ахметова болды. — Бүгін EXPO-2017 көрмесін аралауға немерем Айсумен бірге келдім. Өзім Испанияда болмасам да, павильон өте ұнады. Мамандандырылған көрмеден алған әсерім керемет, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Испания павильонына ерекше қонақ болғаныма қуаныштымын, — дейді Майра…

Толығырақ

ЖОЛ АҚЫСЫ ҚАЙ ӨҢІРДЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ

ЖОЛ АҚЫСЫ ҚАЙ ӨҢІРДЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Көкшетауда қоғамдық көліктерде жүру ақысы қымбаттайтын болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде тасымалдаушы компания басшыларының БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Иә, Қызылорда, Алматы да қымбаттаған жол ақысы енді Көкшетауға да келеді. Тамыз айынан бастап қалалық қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы 80 теңгеге көтеріледі. Бұған шаһардағы автопарктердің шығындарының шамадан тыс көбейіп кетуі себеп болған. Қоғамдық көлік иелері жолақысы көтерілмей, оң өзгеріс болмайтынын айтады. 2014 жылдан бері қалада жолақы құны 60 теңге, балалар үшін 30 теңгені құрады. «2014 жылдан бері жолда жүру ақысы өскен жоқ. Одан…

Толығырақ

КӨЛІК АЙДАУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

КӨЛІК АЙДАУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.  Әкімшілік іс бойынша кінәлі «ЗиЛ»» маркалы автокөлігін Жаңақорған кенті, Түгіскен-Жаңарық аралық тас жолының бойында алкагольді масаң күйде басқарған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. Аудандық соттың қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Айқыз НЫСАНБАЕВА,  Аудандық соттың бас маманы.

Толығырақ

БИЛЬЯРДТАН БАҚ СЫНАҒАН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР

БИЛЬЯРДТАН БАҚ СЫНАҒАН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР

Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен зейнеткерлер арасында бильардтан жарыс өтті. Аудандық додаға Б.Әлиакпаров, О.Жұматов, М. Мырзахметов, Н. Исмайлов, І.Нәрзілдаев, Ә.Төлтай, А. Бекжігітов қатысып, бақ сынасты. Зейнеткерлер арасындағы жарысқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Сүгірбаев төрелік етті. Жарыс нәтижесі бойынша М. Мырзахметов бірінші орын, Ә.Төлтайұлы екінші орын, Т. Исмайлов үшінші орын алды. Жүлдегерлерді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағамбетов арайы сый-сияпаты мен дилом табыстады. Жүлделер иелері алдағы уақытта облыстық байқауға қатысу үшін дайындықты бастап кетті.

Толығырақ

БІЗДІҢ ЧЕМПИОНДАР

БІЗДІҢ ЧЕМПИОНДАР

  Сүйіншімізді еселеп, аудан абыройын асқақтатқан төрт бірдей балуандарымыз бүгін Жаңақорғанға оралды. Астанада өткен Әлем чемипоинатында белбеу күресінен жеңіс тұғырынан көрінген саңлақтарды спорт сүйер қауыммен жаңақорғандық ағайын теміржол вокзалынан күтіп алды. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев пен ел ағасы Мұхтар Абуталипов спортшыларды жеңісімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Ал, Мерекенің атасы ақ батасын берді. Айта кетейік, Нұрлыбек Алдабергенов Нелюфар Абилова (63 келі) мен Мереке Құдайбергенова (71 келі) өз салмақтарында үшінші орыннан көрінсе, 80 келіде ел намысын қорғаған Меруерт Абубакир күмісті мойынға таққан еді.

Толығырақ