Сал қызын 8 жыл бойы арқалап оқытқан Қытай қазағы жұрттың жүрегін елжіретті

Үш жасында көлік апатынан екі аяғы бірдей істемей қалған қызын 8 жыл бойы арқалап оқытқан Қытай қазағы Тоқтау Қадырұлының қайсарлығы миллиондаған жанның жүрегін тебірентті деп жазады Қамшы порталы. «Тоқтау Қадырұлы бұл күнде елуді еңсерді, оның 15 жастағы қызы Бағжан үш жасында көлік апатына ұшырап екі аяғынан салданып қалған. Бағжан бастауышқа оқуға түскеннен бастап, әкесі оны мектепке арқалап апарып, арқалап қайтып келеді, содан бері әкесі машақатқа толы сегіз жылды артқа тастап, қызының оқу арманы үшін асқар таудай сүйеніш болды», — деп жазған басылым отбасындағы ауыр қайығының қалай болғанын баяндайды. «Тоқтау Қадырұлы —…

Толығырақ

Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов аудандық газетке келді

Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов аудандық газетке келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшілерімен кездесті. Кездесу барысында басылым жұмысының тыныс-тіршілігімен танысып, басылым беттерінен жазылып жатқан мақалаларға өз бағасын берді. Алқалы басқосуға аудан журналистикасына еңбегі сіңген Айдархан Бибасаров қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласында көтерілген мәселерге үн қосты. Мәжіліс депутаты, белгілі қаламгер Сауытбек Абдрахманов қаламгерлермен газетті сапалы дайындаудағы тәжірибесімен бөлісті. Одан ары қарай Мәжіліс депутаты С. Абдрахманов «СКЗ-Ю» ЖШС-і күкірт қышқылы өндіріснің жұмысымен танысу үшін Кейден ауылына жол тартты.

Толығырақ

Бүгінгінің әдемі сөздері

Бүгінгінің әдемі сөздері

  «Шіркін билік! Билік үшін хан тұқымы да, қара да қан төгеді. Ақылды да, ақымақ та арпалысады. Жас та, кәрі де күреседі. Үлкендерді қойшы, өз ортасына үстемдік жүргізу үшін балалар бақшасының бүлдіршіндеріне дейін бар күшін салады. Ақыры біреуі басым шығып, «атаман» болады. Соның дегені деген! Адамдарды айтамыз, хайуандардың өздері де сондай! Қай қошқар жеңсе, отарға сол қожа. Қай айғыр жеңсе, үйірге сол ие! Жыртқыштарға жалпы дауа жоқ! Бұлардікі түсінікті. Құрт-құмырсқа, қоңыз-моңызға не жорық?! Болеслав Прустың «Перғауын» романы бойынша түсірілген көркемсуретті фильм көрдім. Қанша жыл өтті, содан бері бір көрініс есімнен…

Толығырақ

АТТАҚТЫЛАРМЕН АТТАС АДАМДАР  

АТТАҚТЫЛАРМЕН АТТАС АДАМДАР   

  Мұхтар Шаханов Жаңақорғанда қандай кәсіппен айналысуда? Шохан Уәлиханов Хорасан атаны зиярат етті ме? Классик жазушы Мұхтар Әуезовтың Сыр бойына қандай қатысы бар? Ғани Мұратбаев жастардың белсенділігін арттыру үшін қандай қызмет жасауда? Осыны білмекке біз біраз іздендік. Әсілі, сіздер сенбессіздер, бірақ, аталған тарихи тұлғалардың аттастары ауданның мәдени-рухани өміріне араласып, өзіндік үлес қосуда.   Алдымен, атына заты сай болуға  күш-жігерін жұмсап жүрген  Мұхтар Шахановқа тоқталсақ. Ол –  аудандағы той бизнестің дамуына айрықша атсалысып жүрген жас талант. Жастық жалынын туған жердің өркендеуіне  арнаған Мұхтар Шаханов бүгінде жаңадан ашылса да, көпшіліктің көңілінен орын…

Толығырақ

ДОЛЫДАН ДӘУПЕРІ ҚОРҚЫПТЫ

ДОЛЫДАН ДӘУПЕРІ ҚОРҚЫПТЫ

    Баяғы бір заманда бір мүсәпір орманнан отынға тал кесіп, оны базарға сатып күнелтеді екен. бір күні айдай ашық аспанға шайнектей бұлт шығады да, әлгінің отынға тал  кескен орманына құйып өтеді. Су болған талды кім алсын, үйіне құрқол оралады. Күн жауын, су болған талын базарға апара алмағанын айтып көрсе, әйелі сөнбейді. Өйткені, бұлардың ауылына бір тамшы жаңбыр тамбаған еді. Қырсыққанда келесі күні кешегі оқиға тап сол күйінде қайталанып, үйіне тағы да бос келеді. Осы арада онсыз да долырып тұрған әйелі: – Түс алдыма! Су болған  отыныңды көрсет! Тапқан екенсің …

Толығырақ

Электронды үкіметтің әлеуеті

Электронды үкіметтің әлеуеті

Біз бүгін ғаламтордың ғаламат мүмкіндігін сөз етпекпіз. Шалғай ауылда отырып, аудан орталығынан қандай құжаттарды алуға болатынын қарастырдық. Яғни, «Электрондық үкімет» порталының пайдасы мен қолжетімді қызметін тарқата айтпақпыз. Биыл е.gov.kz сайтының халыққа электронды түрде қызмет көрсете бастағанына 10 жыл. Алайда осы он жыл ішінде интернетті қаншалықты игілігімізге икемдедік? Пайдалы порталға 5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. Жалпы, күн санап портал пайдаланушыларының саны артуда. Онлайн қызмет түрлері арқылы тұрғындар уақыты мен қаражатын үнемдейді. Орталықтың о бастағы мақсаты да мемлекеттік қызмет түрін оңтайландыру еді. Бұқара халыққа сапалы қызмет көрсетіп, көп қағазды азайтып, құжаттарды электрондық…

Толығырақ

БАЛУАН ҚЫЗДЫҢ БЕЛЕСІ

БАЛУАН ҚЫЗДЫҢ БЕЛЕСІ

Жуырда ғана ел чемпионатында топ жарған Меруерт Абубәкір қырғыз елінде өткен додада жүлдеден көрінді. 28-29 маусым күндері Ош қаласында өткен белбеу күресінен xалықаралық Гран-При жүлдесінде қолаға қол жеткізген балуан қыз ел мерейін үстем етті.    

Толығырақ