ЭКСПО-ны жиырма күнде жарты миллион адам тамашалады

ЭКСПО-ны жиырма күнде жарты миллион адам тамашалады

EXPO – 2017 көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келді. 2017 жылдың 29 маусымында кешкі уақытта халықаралық мамандандырылған көрменің бес мыңыншы келушісі тіркелді, деп хабарлайды «Айқын».  Көрменің алғашқы аптасында күн­делікті қонақ саны орташа есеппен 22 840 адам болса, 29 маусымда келушілердің саны 36 000-нан асты. Бұған дейін алғашқы болжамдарға сүйене отырып, халықаралық маман­дандырылған EXPO – 2017 көрмесінің тамашалаушылар саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп хабарланған болатын. Жаһан жұртшылығы көз тіккен ха­лықаралық EXPO – 2017 көрмесі Қазақ елінің абыройын асқақтата түсетіні…

Толығырақ

«Қазақстан барысы» Қызылорда облысына қайта келді

«Қазақстан барысы» Қызылорда облысына қайта келді

Сүйінші, сүйінші! Араға алты жылдан кейін «Қазақстан Барысы» атағы Қызылордаға қайта келді. Иә, «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің финалдық белдесуінде 2017 жылғы «Әскер барысы» атанған Еламан Ерғалиев тұңғыш «Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұлды осал тұсын тауып, таза жеңіспен ұтты. Осылайша Сыр бойының жігіттерінің әлеуетін таныта білді. Естерңізде болса, 2011 жылы Ұлан Рұсқұл Сыр бойына тұңғыш белбеуді алып келген болатын. Одан кейін алты жыл сырбойылылық жігіттер сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдемен қанжығалары майланған жоқ еді. Сонымен бірге Еламан Ерғалиевке алтын белбеу мен алтыннан құйылған «Тайтұяқ» және 25 миллион теңге табысталады. Сондай-ақ, бапкерінің қанжығасына 3,5 миллион теңге байланды….

Толығырақ

Адамның жарты өмірі көлік кептелісінде өтетін елдер бар

Адамның жарты өмірі көлік кептелісінде өтетін елдер бар

Дамыған елдердің басты мәселесінің бірі көлік кептелісі болғаны сөзсіз. Себебі, бір күннің көп уақыт көлік кептелесінде өткізіп, замыраған уақытты көліктің ішінде өткізуге тура келуде. Мұндай жағдайды Алматы шаһарының тұрғындары жақсы түсінеді. Алматы қаласында кептелістің алдын алатын айнамалы көпірлер мен жолдарды кеңейті жұмыстары қарқынды жүргізгенімен «Алматылықтардың жарты өмірі көлікте өтеді» деген сөзді жиі естейміз. 2015 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласының Сайын көшесімен Шаляпин көшелерінің қиылысынан бастап Әл-Фараби мен Сейфуллин көшесіне дейін созылған жол кептелісі орын алып, сағаттар бойы көліктер тапжылмай бір орында тұрған. Ал, көлік кептелісі жөнінен рекорд Қытайдың Шанхай қаласына тиісілі…

Толығырақ

Үңгірдегі тіршілік

Үңгірдегі тіршілік

Әлем халқының саны жағынан Қытай көш бастайды. Дегенмен, бұл елдегі халықтың әлеуметтік жағдайы әркелкі. Мәселен, ондағы 30 миллион адам үңгір үйлерде тұрады десек сенесіз бе? Расында «яодун» деп аталатын үйлерде қытайлықтар өмір сүреді екен. Бұл шамамен Қазақстан халқынан екі көп. Тіптен, бір құрлықты алып жатқан Австралия халқының санынан да көп.    

Толығырақ

Президент міндетті медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды

Президент міндетті медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамаға қол қойды. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін жетілдіруге бағытталып отыр деп, хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»,-делінген ресми хабарламада. 2018 жылдың бірінші қаңтарында қазақстандықтар осы жүйеде медициналық қызметті пайдаланатын болады.  

Толығырақ